Атырау, 23 қараша 20:53
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Францияда кәсіподақ мүшелері шеруге шықты

644 просмотра

Францияның оңтүстік-шығысындағы Ле Канне және Канн қалаларында кәсіподақ мүшелері шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олар президент Мануэль Макрон билігі ұсынған зейнетақы реформасына қарсы бас көтерген. Канн қаласында полиция ереуілшілердің жолын бөгеді. Өйткені мұнда Канн халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр.

16 мамырда басталған шара осы аптаның сенбісіне дейін жалғасуға тиіс. Зейнетақы реформасына қарсы наразылық шаралары бірнеше айдан бері жүріп жатыр. Заң жобасы бойынша зейнет жасы 62-ден 64-ге көтеріледі. Юнес Йахиауи, ереуілші:

- Біз Макронның қыр соңынан қалмаймыз. Талабымыз орындалмайынша тоқтамаймыз. 64 жаста зейнеткерлікке шығуға түбегейлі қарсымыз.

22 мамыр 2023, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.