20 мамыр күні футболдан ел чемпионатының 10-шы туры аясындағы ойында «Атырау» талдықорғандық «Жетісумен» сырт алаңда кездесті.
Айта кету керек, атыраулықтар өз алаңындағыдай ойнап, алаң иелеріне бірде-бір мүмкіндік қалдырмады. 5-минутта-ақ «мұнайшылардың» ресейлік жартылай қорғаушысы Евгений КОЗЛОВ Нсунгуси ЭФФИОНГА баспен берген допты айып алаңынан соғып, гол салды - 1:0. 24-минутта Эффионгтың өзі сол қапталдан баспен қағып, «Жетісудің» үш қорғаушысын жолда қалдырды.
Екінші таймда көрініс өзгерген жоқ: қонақтар түрлі тәсілмен шабуылдады, ал алаң иелері жақсы ойын көрсете алмады, олардың іс жүзінде мүмкіндіктері болмады. 58-минутта қонақтардың үшінші голы соғылды. «Тұздық үшін» дегендей: «Атыраудың» беларусьтік легионері Игорь СТАСЕВИЧ қашықтан гол соқты. Сонымен, есеп 3:0, біздің футболшылар үшін тамаша жеңіс.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ