Атырау полицейлері өрт шыққан көпқабатты үйден 25 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Өрт 19 мамыр күні түс ауа Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан 15 қабатты үйдің үшінші қабатындағы қосалқы орынжайында болған.
Оқиға орнына дереу жеткен қалалық полиция басқармасының аға учаскелік полиция инспекторлары Самалбек Бегалиев пен Асыланбек Жолай Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, үйден 25 адамды қауіпсіз жерге шығарды, оның 10-ы кәмелетке толмағандар.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА