Атырау, 28 қараша 01:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

22 мамырда Қазақстанда конструктор көліктерді заңдастыру басталады

1 122 просмотра

Көліктерді тіркеу процедуралары 22 мамырда басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көлікті тіркеу алгоритмі

1-қадам: Онлайн өтінім беру және оны электронды тіркеу (автоконструкторлардың барлық иелеріне бас тартылғаны жөнінде автоматты түрде хабарлама жіберілетін болады. Онда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы Процессинг орталығының қызметкеріне құжаттарды ұсыну қажеттігі жазылады).

2-қадам: Процессинг орталығының қызметкері көлік құжаттарының дұрыстығын қолмен тексереді және көлік құралы "автоконструктор" критерийіне сәйкес келген жағдайда көлікті электрондық мақұлдау парағына енгізеді.

3-қадам: Өтініш беруші қайтадан онлайн өтінім береді және электронды мақұлдау парағы бойынша алдын ала тексеруден өте бастайды. Өтініш беруші сарапшы-криминалистің тексерісінен өту үшін көлігімен бірге қарау пунктіне жіберіледі.

4-қадам: Сарапшы-криминалистің тексерісінен сәтті өткеннен кейін өтініш беруші ХҚКО-ға барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде диагностикалық картаны ұсынады және 200 000 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж төлейді.

Еске салайық, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

20 мамыр 2023, 23:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.