Атырау, 12 қараша 20:23
 дождьВ Атырау +4.9
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Қамыс арасынан 3 қап бекіре тұқымдас балық табылды

1 709 рет қаралды

2023 жылғы 19 мамырда сағат 11:00-де «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу шеңберінде Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізіне қарай шығатын ауданда рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Жайық өзені қамыс аймағында жалпы салмағы 62,2 келі 3 қап бекіре тұқымдас балықтары табылды, деп хабарлайды ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі. 

Аталған жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінің белгілері бойынша СДТБТ-да тіркелген, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.

Балық ресурстарына келтірілген алдын ала залал 64 377 000 теңгені құрады.

Балық қорғау акциясы жалғасуда.

20 мамыр 2023, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.