Атырау, 28 қараша 01:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Америка елшісінің Атырауға сапары: Ресейге қарсы санкциялар туралы сөз болды

1 166 просмотра

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел РОЗЕНБЛУМНЫҢ Атырауға сапары барысында Батыс мұнай компанияларының өкілдерімен РФ-ға қатысты санкцияларды сақтау мәселелері бойынша жабық кездесу өтті. «Екі оттың ортасында» қалған еліміз үшін бұл өте жауапты мәселе.

«АЖ» осы тақырып бойынша ҚР-дағы АҚШ Елшілігіне сауал жолдады. Елшіліктің баспасөз қызметінің сәл оңтайландырылған жауабында: «Біз санкцияларымыз басқа елдердің, соның ішінде Қазақстанның экономикасы үшін зардапты азайтуға бағытталғанын атап өткіміз келеді. Санкциялардың мақсаты – Қазақстанмен және Орталық Азияның басқа да елдерімен сауда жасау тіпті Ресей мен Беларусь аумағы арқылы өтетін бақыланбайтын тауарларға да рұқсат етілгені туралы нақты сигнал беру. Бұған Каспий құбыр консорциумына (КҚК) берілген түсіндірмесін (FAQ) мысал ретінде келтіруге болады. Біз 30 жылдан астам серіктес болғанда жасағанымыздай, Қазақстанды әртараптандыруға және оның экономикасын нығайтуға көмектесуге ұмтыламыз».

Бұл ретте баспасөз қызметі АҚШ елшісі сапарының кейбір сәттерін атап өтті: «Дэниэль Розенблюм АҚШ пен Қазақстан арасындағы 30 жылдық ынтымақтастықтың нәтижесін өз көзімен көру үшін сапарын Теңіз кенішіне барудан бастады. Тек осы жобаның инвестициясы 100 миллиард доллардан асады және ол мыңдаған жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Елшінің ТШО өкілдерімен кездесуі оған Қазақстан экономикасының осы маңызды құрамдас бөлігі мен ағымдағы жұмыс жағдайлары туралы тікелей білуге мүмкіндік берді. Елші сонымен қатар болашақ мұнай саласының көшбасшыларымен танысу үшін Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен Атырау мұнай және газ университетіне барды. Бұл екі университетте де студенттерге ағылшын тілін жақсартуға көмектесетін ағылшын тілі бойынша ассистенттер (Fulbright English Teaching Assistants) жұмыс істейді. Сондай-ақ Атырауда тұратын АҚШ-тың алмасу бағдарламасының түлектерімен кездесіп, олардың тәжірибе алмасуы мен қазіргі ұмтылыстары туралы білді және Батыс Қазақстанның бай тарихи мұрасымен танысу мақсатында «Сарайшық» музейінде болды.

Дэниел Розенблюм сонымен қатар «Еуразия Орталық Азия» қоры мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы болып табылатын JasSpace кеңістігіндегі STEAM орталығына барды. Орталық жастарға ғылым, технология, инженерия, өнер және математика (STEAM) салаларында дағдыланып, білімін жетілдіруге мүмкіндік береді».

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 мамыр 2023, 00:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.