Атырау, 23 қараша 21:33
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұшақ апатынан тірі қалған төрт бала 17 күннен кейін табылды

1 173 просмотра

Колумбияда ұшақ апатынан тірі қалған төрт бала 17 күннен кейін табылды. Олар  джунглидің арасынан шыққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Cessna 206 ұшағы 1 мамырда апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ апатынан соң жоғалып кеткен балалардың тірі табылғанын ел президенті Густаво Петро хабарлады.

«Біздің Қарулы күштеріміз жүргізген ауыр ізденістен кейін Гуавьярдағы ұшақ апатынан соң хабар-ошарсыз кеткен төрт баланы тірідей таптық. Бұл – еліміз үшін қуанышты жаңалық», - деп жазды Петро.

Айта кетсек, апат алдында Cessna 206 әуе кемесінің қозғалтқышы істен шығып, экипажы орталыққа апаттық дабыл берген. Құтқарушылар ұшақтың қалдығын 370 сағаттан астам уақыт іздеген соң бір-ақ тапқан. Ұшақ бортында ұшқыштың ғана денесі жатқан.

Ал арада екі аптадан астам уақыт өткенде орманнан ересек үш жолаушының денесі табылған еді. Бортта ұшқыштан бөлек, 7 жолаушы болған. Олардың төртеуі – кәмелеттік жасқа толмаған балалар.

19 мамыр 2023, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.