Атырау облысында 15-18 мамыр күндері “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Тек бір күн ішінде полиция қызметкерлері 75 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықтап, ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу бойынша 11 дерек, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу бойынша 64 дерек анықталған.
Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Абай Жұмабаевтың айтуынша, жыл басынан бері 6 мал ұрлығы ашылды. Оның 2-еуі қорадан, 4-еуі өрістен ұрланған.
* * * * *
15 мамырда сағат 17:30 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері «Сергек» бейнебақылау жүйесі белгісіз ер адамның маркасы Volkswagen Passat автокөлігінің маңында ішімдік ішіп тұрғанын байқаған. Содан соң ол көлік рөліне отырып, кетіп қалған.
Патрульдік полиция қызметкерлері тексеру барысында 29 жастағы жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде болғанын анықтады. Оған ҚР ӘҚБтК 440-бабы («Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу»), ҚР ӘҚБтК 608-бабы («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде жүргізуі») және 595-бабы («Маневр жасау қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
* * * * *
12 мамырда сағат 19:35 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері «Сергек» бейнебақылау жүйесі арқылы Әбілхайыр хан даңғылы бойында маркасы KIA автокөлігінің жолдың қарсы бағытына шыққанын байқаған.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Тексеру барысында жол жүру ережесін бұзған көлік жүргізушісінің 17 жастағы жасөспірім екені анықталды. Кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабы («Көлік құралының жүріс бөлігінде орналасуы ережелерін бұзу») бойынша және автокөлік иесіне 612-баптың 5-бөлігіне («Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға беру») сәйкес хаттама жасақталды.
* * * * *
15-31 мамыр күндері Атырау облысында “Абайлаңыз, балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Мақсаты – жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалысы ережелерін насихаттау. Екі күн ішінде 826 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, қиылыстардан өту ережесін бұзу - 40; жаяу жүргінші өтпесінен өту ережесін бұзу - 149; балаларды тасымалдау ережесін бұзу - 53, оның ішінде, балаларға арналған орындық қолданбау - 27; көлік құралының тоқтау ережелерін бұзу - 34.
* * * * *
Интернет алаяқтық - қазіргі уақытта алаяқтықтың ең көп таралған түрі.
Алаяқтар сiзге қоңырау шалып, өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері етіп таныстырып, біреу сіздің шотыңыздан ақша алуға немесе несие алуға тырысып жатқанын хабарлайды. Содан соң алдап, сiзден құпия сөздерді, банк карталарының нөмірлерін біліп алып, ақшаңызды ұрлайды.
Есіңізде болсын: телефон арқылы банк карталары мен шоттарға қатысты ешқандай ақпаратты хабарламаныз. Банктiң немесе құкық қорғау органдарының бірде-бір қызметкерінің сiзден дербес банктік мәліметіңізді сұрап-білуге құқығы жоқ!
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Атырау облыстық ПД жолдаған суреттер