Атырау, 28 қараша 01:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау - АҚШ: алыс болса да жақын

1 392 просмотра

18 мамырда Атырауға АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел РОЗЕНБЛЮМ жұмыс сапарымен келді. Ол Теңіз кен орнында болып, кейін онымен облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ кездесті.

Әкімнің орынбасары өңіріміз бен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстың дамып келе жатқандығын айтып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тараптар қазақ-америка әріптестігінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, сауда-экономикалық қатынас пен туризмді, сондай-ақ ауылшаруашылығын дамыту, «Сарайшық» сапар орталығының жұмысы секілді мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында Атырау облысының АҚШ-пен сыртқы сауда айналымы 50,1 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт - 436,9 мың АҚШ доллары, импорт - 49,6 млн АҚШ доллары.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

19 мамыр 2023, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.