Атырау, 12 қазан 06:29
 дождьВ Атырау +11.8
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Кішкентай қыз 7-қабаттағы балкон ернеуімен жүрген. Ата-анасы жазаланады

Бейнежазба
2 135 рет қаралды
Видеодан алынған кадр

18 мамырда WhatsApp мессенджері арқылы «АЖ»-ға тұрғын үйдің жоғары қабатында кішкентай қыздың балкон ернеуінде тұрғаны түсірілген видео жіберілді. Әне-міне, құлап кететіндей көрінеді, бірақ Аллаға шүкір, бәрі ойдағыдай болды.

ТЖД-дан оқиға Нұрсая ықшамауданындағы №116 үйде сағат 15:40-та болғанын білдік. Бұл жетінші қабат болатын. Кейін белгілі болғандай, баланың әпкесі балконға жүгіріп шығып, оны пәтер ішіне алып келген.

Полиция департаментіндегілер бізге қыздың ата-анасына хаттама толтырылып жатқанын, нақтыланған соң қосымша ақпарат берілетінін айтты.

Айнұр САПАРОВА

19 мамыр 2023, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.