Атырау, 28 қараша 01:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Түнде үйде болмаса, жазаны түрмеде өтеуі мүмкін

1 009 просмотра

Атырауда шартты түрде сотталған (бас бостандығы шектеулі) азаматтар шектеуді жиі бұзады, оған сәйкес олар сағат 22.00-ден келесі күні таңғы 6-ға дейін үйлерінде болуы керек. Мұндай фактілер «Есепке алу» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.

- Мәселен, тексеру кезінде ұрлық жасағаны үшін сотталған А. есімді қала тұрғыны кешкі сағат 10-нан кейін мейрамханада жүргені анықталды. Тағы бір сотталған туыстарында үйінде болып шықты, - дейді Атырау қалалық пробация қызметінің бастығы Мейірбек ОРАЗҒАЛИЕВ.

Заң бұзғандарға хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданады. Тіпті жазаларының қалған бөлігін түрмеде өткізуі мүмкін.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті Атырау қалалық пробация қызметі жолдады

19 мамыр 2023, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.