Өткен жылы «Атырау қаласындағы 100 ауланы абаттандыру» жобасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен 1 млрд 37 млн қаржы бөлінген. Мердігер мекеме анықталып, жұмыс қарқынды жүруде. Бұл туралы Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Бақтияр ХАМИДУЛЛАЕВ брифингте мәлім етті.
- Қазір мердігер компаниялар «Атырау көлік» ЖШС, «Риголит» ЖСШ, «Sheberbuid» ЖШС мекемелері қаладағы орталық көшелер, Балықшы, Авангард және Лесхоз, Алмагүл ықшам аудандарында аулаларды жаңғырту жұмыстарын атқаруда. Ауылішілік жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары, балалар ойын алаңдары мен спорттық алаңдар жаңартылады. Осы жобалар толығымен қазан айында аяқталып, қолданысқа беріледі, - деді Б. Хамидуллаев.
Оның айтуынша, қаладағы мына мекенжайлар бойынша абаттандыру жүргізіледі: А.Құнанбаев көшесіндегі №20, №22 үйлер, Сарыарқа ықшам ауданындағы №37, №38 үйлер, Сатпаев көшесі №24, №26, №28, Нұрсая ықшам ауданы бойынша №20, №22-28, №55-60, №72,73,75,77 үйлер, Атамбаев көшесі №68б, №68в, «8 март» көшесі №7, №8, Берғалиев көшесі №41, №41а, №33, №33а, №75, Вокзал маңы мөлтек ауданындағы №6а, №7а, №8а, №14а үйлер, Азаттық көшесі №163, 165, 167, 169, 169а, 169б, 120, 122, 124, Авангард 2 ықшам ауданындағы №1-4, №21, №22 үйлер, Лесхоз мөлтек ауданындағы №13, №40, №19, №38, №30, №37, №29, №24, №28, №10, №9, №35, №34, №23, №23а, №43, №44, №47, №55, №48, №49, №54 үйлер.
Б.Хамидуллаев жасалып жатқан жұмыстар қатаң бақылауда екенін және уақтылы жүріп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол осы жылы тағы да 150 ауланы абаттандыру жөнінде жаңа жоба әзірлеп, жыл соңына дейін бекітуді көздеп отырғанын жеткізді.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
ӨКҚ жолдаған суреттер