Атырау, 28 қараша 01:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда суға түсу мерзімі 1 маусымнан 15 маусымға шегерілді

922 просмотра

Бұл туралы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының бастығы Бақыт АБЛАНОВ брифингте мәлім етті. Жайық өзенінің көтерілуіне байланысты гидрологиялық болжамға сәйкес ауыстырылып отыр.

Шомылу орындарын ұлғайту үшін Әділет департаментінде «Атырау облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы» қаулысы тіркеліп, осыған сәйкес облыс аумағында 46 демалыс орны белгіленді.

- Биыл облыста шомылу маусымына арналған демалыс орны 85%-ға артты. Өткен жылы облыс бойынша 4 демалыс орны болса, биыл олардың саны 27-ге жетті. Қазір қауіпсіздік қағидаларына сәйкес оларды техникалық жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы жылы тек 46 орынның 27-сіне ғана қаржы бөлінгендіктен, осы орындарды дайындауды жоспарлап отырмыз, - деді Б.Абланов.

Оның айтуынша, облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 70 қауіпті учаске бар. Ол жерлерде 238 тыйым салу белгісі және тоғыз ақпараттық стенд орнатылған. Су айдындарында қайғылы оқиғаның алдын алу мақсатында ТЖД қызметкерлері полициямен және жергілікті атқару органдары өкілдерімен бірлесіп, күнделікті үгіт-профилактикалық жұмыс жүргізуде. Оған 273 адам, 44 автокөлік және жүзу құралдары жұмылдырылған.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

«АЖ» мұрағатынан алынған сурет

19 мамыр 2023, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.