Атырау, 17 мамыр 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

«Атырау» үшін Алматыдағы «достық» голы мен тең ойын

996 просмотра

17 мамырда Алматыдағы орталық стадионда «Қайрат» пен «Атырау» командалары арасында футболдан Қазақстан кубогының 1/4 финалының алғашқы ойыны өтті.

Кездесу қызықты өтті. Бірінші таймда алаң иелері айтарлықтай басымдықта болды. Сондықтан олардың 12-минутта соққан голы әбден заңды еді: «мұнайшылар» алаң ортасында доппен жүріп қалып, «қайраттықтар» оны қағып алды. Жуао ПАОЛО айып алаңында шабуылшы Вячеслав ШВЫРЁВҚА допты шеберлікпен беріп, ол жақын жерден қақпаға гол соқты – есеп 1:0.

Екінші таймда алаңдағы көрініс өзгерді, енді қонақтар өткір және жиі шабуыл жасады. Бұрыштан доп берілген соң 70-минутта қорғанысқа көмекке келген «Қайраттың» шабуылшысы Артур ШУШЕНАЧЕВ допты басымен соғып, алдыңғы шептен асырып жіберді (ойы солай болды), бірақ оның орнына ол өз қақпасына дәл түсті. Автогол болды. Қақпашы дәрменсіз боп қалды: мұндайды өз ойыншысынан күтпеген еді! 

Матчтың соңы «Қайраттың» қаһарлы шабуылдарына ұласты, бірақ есеп өзгерген жоқ – 1:1. Жартылай финалист 7 маусым күні «Мұнайшы» стадионында өтетін қарымта ойында анықталады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 мамыр 2023, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.