Атырау, 23 қараша 20:47
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін қырғыз азаматы 10 жылға сотталды

771 просмотра

Бішкектің Бірінші май аудандық соты Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін қырғыз азаматын 10 жылға соттады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Тергеудің мәліметінше, ол Украинада Донбасс сепаратистерінің жағында соғысқан.

Үкімде айтылғандай, 30 жастағы айыпталушы Мәскеуде жұмыс істеп жүріп, "Луганск халық республикасының" әскери тобына қосылған. Ол ақшалай сыйақы мен Ресей азаматтығын алғысы келген. Жарты жылдан кейін әскери қызметтен кетіп, Мәскеуге оралған. Ол жақтан отаны Бішкекке қайтып келген.

Айыпталушы сотта тағылған айыпты мойындамады. Ол "ЛХР" аумағында болғанын, соғыс әрекеттеріне қатыспағанын айтқан.

Қырғызстан мен Орталық Азияның басқа да елдері шетелдегі соғыс әрекеттеріне қатысқан азаматтарына қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп келеді.

18 мамыр 2023, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.