Атырау, 23 қараша 15:28
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Полициядағы кадр мәселесі бойынша комиссия құрылмақ

2 091 просмотра

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Жарлық бойынша комиссия президенттің жанынан құрылып, полиция басшыларынан президенттік резерв жасақталады. Комиссия президентке немесе ведомство басшыларына құқық қорғау органдарындағы басшылық қызметке үміткерлерді тағайындау туралы ұсыныстарын жолдайды.

Комиссия құрамына президент әкімшілігінің жетекшісі, президенттің көмекшісі - қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, президент кеңсесінің басшысы, бас прокурор, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, ішкі істер министрі, әділет министрі, төтенше жағдайлар жөніндегі министр, қаржы министрі, қаржы полициясының төрағасы кірген.

Дереккөз: azattyq.org

15 сәуір 2013, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.