
Атырау қаласында азық-түлік жәрмеңкесі өтетіні туралы қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі хабарлады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 2026 жылдың 15 наурызында сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін Жилгородок шағын ауданындағы «Мұнайшы» стадионы алдында жәрмеңке ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, 14-15 наурыз күндері «Сарайшық» коммуналдық базарының алдында сауда алаңдары жұмыс істейді.
Жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтарына жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылып, бағасы қаладағы сауда орындарынан 10–15% төмен болады.
Атырау қаласы әкімдігі тұрғындарды жергілікті өндірушілерді қолдауға және азық-түлікті арзандатылған бағамен сатып алу мүмкіндігін пайдалануға шақырды.
В Атырау -10