Атырау, 13 наурыз 21:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20

Брюссельде 100 мыңға жуық адам үнемдеу шараларына қарсы наразылыққа шықты

85 рет қаралды

Бельгия астанасында премьер-министр Барт де Вевер үкіметінің қатаң үнемдеу саясатына қарсы ірі шерулер өтті, деп хабарлайды Евронью́с.

Полицияның дерегінше, акцияға шамамен 80 мың адам қатысқан, ал кәсіподақтар бұл санды 100 мыңнан асады деп бағалады.

Демонстранттар қала көшелерімен жүріп, плакаттар көтеріп, ұрандар айтты. Наразылықтар зейнетақы жүйесіне және жұмыссыздық бойынша төлемдерге жоспарланған өзгерістерге қарсы кәсіподақтардың кең ауқымды мобилизациясының бір бөлігі болды.

Марш барысында жекелеген қақтығыстар тіркелгенімен, билік жалпы демонстрация бейбіт өткенін мәлімдеді. Медициналық қызметкерлер жарақат алғандарға көмек көрсетті.

Бүгін, 20:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.