Атырау, 13 наурыз 20:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20

​Атыраулық дзюдошы Еуропа кубогында екінші рет жеңімпаз атанды

96 рет қаралды

Атырау облысының спортшысы Інжу Жұмажан кадеттер арасындағы дзюдо бойынша Еуропа кубогында екінші рет жеңімпаз атанды. Халықаралық турнир Түркияның Анталья қаласында өтіп, 21 елден келген 550 спортшы бақ сынады.

Інжу 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, қарсыластарына еш мүмкіндік бермей төрт жекпе-жекте де жеңіске жетті:

  • алғашқы айналымда грузиялық спортшыны ұтты;
  • екінші белдесуде әзербайжандық дзюдоисті жеңді;
  • жартылай финалда молдовалық қарсыласынан басым түсті;
  • финалда қазақстандық Еркеназ Сембекпен кездесіп, тартысты белдесуде жеңісті жұлып алды.

«Бұл медальға өте қуаныштымын. Финалда өзіміздің спортшымен белдесу ерекше сәт болды», – деді Інжу Жұмажан.

Айта кетейік, бұл оның осындай деңгейдегі екінші жеңісі. Қазіргі таңда жас спортшы республикалық мамандандырылған спорт мектеп-интернатында шеберлігін шыңдауды жалғастыруда.

Бүгін, 19:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.