
15 наурызда өтетін референдум күні Атырау қаласында қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды.
Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі хабарлады.
Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, автобустар қалыпты режимде таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін қатынайды. Қалаішілік және қала маңына қатынайтын барлық бағыттарда жол жүру ақысыз болады.
— Осылайша, қала тұрғындары мен қонақтары күні бойы автобустарды тегін пайдалана алады. Мұндай шара азаматтардың саяси науқанға белсенді қатысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр, — деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Еркеназ Қалижан.
Сонымен қатар, инватакси қызметі де штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
В Атырау -10