Цифрлық ипотека, автокредит немесе бизнес кредитті ресімдеу бір күн ішінде, шешім алу 5 минут ішінде!? Бұл енді шындық, қиял емес - тұрғындарға цифрлық қызмет көрсетуге маманданған Freedom Bank филиалы Атырауда ашылды.
Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-ның Қазақстанның ірі қалаларында 12 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. Банктің флагмандары - анықтамалар мен құжаттарды жинамай, қарыз алушының жеке қатысуынсыз ипотекалық несие мен автокредитті ресімдеу қызметтері. Қосымша бонус: қолайлы шарттар және бірнеше минут ішінде шешім алу.
Сенуге бола ма? Иә.
Freedom Bank Freedom Holding Corp ірі холдингінің бөлігі, сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының серіктесі, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының, (KASE) қор биржасының қатысушысы, Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, өткен жылдың қорытындылары бойынша банк бүкіл Қазақстан бойынша «7-20-25» мемлекеттік ипотекалық бағдарламасы арқылы берілген несиелер саны бойынша (61% - дан астам) көш бастады.
Қала орталығында Бақтыгерей Құлманов көшесі, 111а мекенжайы бойынша орналасқан жаңа кеңсеге қонақтар, банктің топ-менеджменті, баспасөз, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ клиенттер де қатысты. Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи мен Freedom Bank директорлар кеңесінің төрағасының кеңесшісі Айдос Жұмағұлов 12-ші филиалдың ашылуына орай таспаны салтанатты түрде қиды:
‒ Атырау – әлеуеті зор, қарқынды дамып келе жатқан қала. Банкіміздің филиалы осында ашылғанына шын жүректен қуаныштымын. Цифрлық өнімдер мен қызмет көрсету арналарын енгізу бойынша үлкен жұмыс жасалған болатын. Әрине, филиалдың ашылу фактісі клиенттерге онлайн-қызмет көрсетуді жоққа шығармайды. Freedom Bank клиенттердің тілектерін ескеретін клиентке бағдарланған банк болғандықтан, Атырау тұрғындары кез келген ыңғайлы форматта қызметтерге қол жеткізе алады: онлайн немесе офлайн. Қош келдіңіздер!
Мерекеге қарамастан, менеджерлер келушілерге тиісті қызмет көрсеткен, жаңа келісім-шарттар жасалған болатын, бұл банктің сенімі мен жетіскендігінің көрсеткіші болып табылады.
Мейірім Қалауи, Атырау қаласының әкімі:
- Freedom Bank - бүгінгі күннің талаптары мен сұраныстарына сәйкес жұмыс істейтін банктердің бірі. Нақты цифрлық қаржылық шешімдерді ұсынады. Жақында көптеген адамдардан банктің цифрлық шешімдері өте жақсы екенін естіген болатынмын және банк онымен жұмыс істейтін компаниялар тарапынан үлкен сенімге ие болды. Біздің қаламызда осы банктің жеке және заңды тұлғалар арасында тұрақты клиенттерінің көп болатынына сенімдімін.
Freedom Bank нарықта 2021 жылдан бері жұмыс істейді. Екі жыл ішінде банк мінсіз беделге ие болып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанда баламасы жоқ бөлшек сауда өнімдері бойынша нарықтың басты цифрлық тауашасын сәтті иеленді. Қызмет көрсету жылдамдығынан, рекордтық уақытта қарастырудан және шешім беруден басқа, банк шағын және орта бизнеске арналған мамандандырылған өнімдердің кең желісін іске қосты. Мысалы, электрондық әмияндарға цифрлық құжаттарды қосу, мультивалюталық депозиттік карталар мен инвестор карталарын ашу мүмкіндігі. Сонымен қатар, банктің «ЖК үшін Цифрлық кредит» жаңа шыққан өнімі инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын 100 миллион теңгеге дейін толықтыруға және жылдық 7% -дан басталатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мемлекеттік бағдарламасы бойынша тиімді несие алуға арналған.