Атырау, 28 қараша 01:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Доссорда 10,4 км көлік жолы мен 5,6 км жаяу жүргінші жолы салынбақ

Сурет
948 просмотра

Бүгінде доссорлықтардың негізгі мәселесі – жол болса, алдағы уақытта аталған кентті 99 пайыз жолмен қамтылу көзделуде, деп хабарлайды Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірбек ІҢІРБАЙДЫҢ айтуынша, қазір «Доссор кентіндегі 23,6 шақырым автокөлік жолын салу» жобасы бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

- Жоспарға сәйкес «Болашақ» ықшамауданына, 7-ауыл яғни, Б.Момышұлы, Р.Қитаров, Ғ.Құрманғалиев көшелеріне, сонымен қатар Ш.Еркешов, Б.Аймағамбетов, Қ.Құдабаев, Н.Құсайынов көшелеріне 10,4 шақырым автокөлік жолдары және 5,6 шақырым жаяу жүргінші жолдары салынбақ,- деді Т.Іңірбай.

«АтырауинжстройКазСервисГрупп» ЖШС мердігерлік етеді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Доссор кентінде бүгінде 14 мыңнан астам халық бар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған суреттер

18 мамыр 2023, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.