Атырау, 28 қараша 02:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Атырауинжстрой» ЖШС: «Бір ағаш кесеміз – он тал егеміз»

1 258 просмотра

Азаттық даңғылындағы көлік жолын қайта жарақтау барысында «Атырауинжстрой» ЖШС кесілетін әр ағаштың орнына он тал отырғызатынын мәлімдеді. Жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес, 249 ағашты кесу қарастырылған. Бұл туралы компания Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

«Қала тұрғындары үшін әрбір ағаштың маңыздылығын түсіне отырып, көшелерді кеңейту жобаларын жүзеге асырғанда мүмкіндігінше көп ағашты сақтап қалуға тырысамыз. Сондықтан, тапсырыс берушімен бірге құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аумақ жан-жақты зерделенді, 66 ағашты кесіп, 15 ағашты көшіру туралы шешім қабылданды. Тапсырыс берушінің қолдауымен мүмкіндігінше көбірек ағашты көшіруді жоспарладық, алайда бұл аумақтағы коммуналдық мекемелер қарсы, өйткені коммуникациялар талдардың тамырларына жақын орналасқан талдарды қазып алу техникасы негізінде жүргізілетін механикалық көшіру жұмыстары желінің үзілуіне және көптеген коммуналдық апаттарға әкелуі мүмкін, - деп хабарлады АИС. - Қолмен көшіруге келетін талдарды қазып алып, Азаттық даңғылы бойындағы көрші аумақтарға қайта егеміз».

Компания хабарлағандай, мұндай тәжірибе бұған дейін де нәтижелі жүзеге асырылған: өткен жылы Әуезов айналма жолының жөндеу алаңында кесілуі тиіс ағаштардың ішінен 38 түп ағаш сәтті көшірілді. Ескі ағаштарды ауыстыру және жаңа ағаштарды отырғызу жұмыстарын көгалдандыру бойынша мамандандырылған ұйым – «ҚДМС» ЖШС қосалқы мердігерлік келісім бойынша орындайды және алдағы 2 жыл бойы оларды баптап, өсуін қадағалайды.  

Тапсырыс берушінің келісімі негізінде «Атырауинжстрой» ЖШС кесілген әр талдың орнына ЖСҚ-да көрсетілгендей 5 тал емес, одан екі есе көп, яғни 10 түп талдан егуді ұйғарды. Тапсырыс беруші абаттандырылатын аумақтарды - С.Датов көшесі бойы мен Балықшы ықшам ауданындағы Байжігітов көшесі бойындағы жағалау аумағын белгіледі. Барлық жұмыс тапсырыс беруші қалалық ТКШ бөлімінің қадағалауымен жүзеге асырылады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

АИС парақшасынан алынған сурет

17 мамыр 2023, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.