Атырау, 28 қараша 02:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Спорт жаңалықтары

1 157 просмотра

Алматыда таэквондодан жасөспірімдер мен жастар арасында ел чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық облысынан 900-ден астам спортшы қатысты. Жеңімпаздар Азия және әлем чемпионаттарына жолдама алды.

Бұл турнирде жаттықтырушы Орынбасар Бершеевтің жетекшілігімен Атырау облысының жасөспірімдер құрамасы 2 алтын, 1 қола алқа жеңіп алды. Зейнеп Азаматқызы (33 келіге дейін) (суретте) мен Мәлика Мұрат (35 келіге дейін) чемпион атанса, Нұргүл Сералиева (37 келіге дейін) қола жүлдені иеленді.

Жаттықтырушы Асқар Тоқтабаев бастаған жастар құрамасы 1 күміс және 3 қола алқаны (тиісінше Мәлік Мерей, Алмат Қанатбаев, Сабина Отарбай және Кенжебек Абыл) жеңіп алды.

* * * * *

Қызылордада «бес асық» бойынша ел чемпионаты өтті.

Мұнда атыраулық спортшылар Кәусар Алтыбасова, Диляра Қалдыбай және Айдана Қалымжан күміс жүлде иеленді.

* * * * *

Түркістан облысының Арыс қаласында кикбоксингтен 2009-10 және 2011-12 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Атырау облысының құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола алқа жеңіп алды. 30 келіге дейінгі салмақта Нұрахман Фархадұлы ел чемпионы атанды. Күміс алқаны Мейрамғали Рамазан (32 келіге дейін), қола алқаны Әділбек Өмірхан (39 келіге дейін) және Рафултан Рафаэлұлы (51 келіге дейін) жеңіп алды.

* * * * *

Атырауда «Атырау барыстары» және «Астана» баскетбол клубтарының үшінші финалдық сериясы өтті.

Астаналықтар 58:52 есебімен жеңіске жетіп, 11-рет Қазақстан чемпионы атанды. «Атырау барыстары» күміс алқаны місе тұтты.

* * * * *

Алматы облысының Қонаев қаласында балалар, жасөспірімдер және жастар арасында киокушинкай каратеден республикалық турнир өтті. Бұл шілде айында Жапонияда өтетін Әлем кубогына іріктеу кезеңі болатын. Жарысқа 300-ден астам спортшы қатысты.

Атыраулық «Намыс» спорт клубының шәкірттері турнирден 1 алтын, 3 күміс және 6 қола алқа әкелді. Алтын алқаны Глеб Повстянко (65 келіге дейін), күміс алқаны Станислав Сурков (65 келіге дейін), Саухан Бақтыбек (50 келіге дейін) және Радомир Хоробрых (50 келіден жоғары), қола алқаны Карина Досимова (60 келіден жоғары), Аружан Әбдірахманова (55 келіге дейін), Мақпал Досханаева (55 келіге дейін), Мұзафар Қадыр (50 келіге дейін), Саян Мұсағалиев (40 келіге дейін) және Матвей Гущин (40 кг дейін) жеңіп алды.

Спортшыларды жаттықтырушылар Таңат Нұрымов, Мұрат Жолдасов, Андрей Котов және Рүстем Байбосынов жаттықтырды.

* * * * *

Астанада дзюдодан «QAZAQSTAN Judo LEAGUE» балалар турнирінің финалдық кезеңі өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің 400-ге жуық шәкірті қатысты.

Атыраулық команда финалда астаналық құрдастарын 5:2 есебімен жеңіп, командалық есепте ең мықты атанды. Нұрбай Әли, Айдар Жасұланұлы (35 келіге дейін), Мұханбет Асланбек, Диас Қуанышев (38 келіге дейін), Мұстафа Мұхамедрахымұлы (46 келіге дейін), Мәди Мералы (50 келіге дейін), Нұрмұхамед Мадияр (55 келіге дейін) және Аманжол Елжан (60 келіге дейін) команданың үздіктері атанды.

* * * * *

Шымкентте 2000-05 жылғы жастар арасында көкпардан ҚР чемпионаты өтті. Оған барлық облыстан командалар, барлығы 204 спортшы қатысты.

Нәтижесінде Атырау қаласының «Жас Нарын» командасы 3-орынға ие болып, былтырғы жетістігін қайталады.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 мамыр 2023, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.