Атырау, 28 қараша 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Жамбыл облысына бардыңыздар, одан нәтиже бар ма?»

Сурет
1 082 просмотра

16 мамырда облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВТІҢ төрағалығымен «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жиында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Салауат ӨТЕҒҰЛОВ бағдарламаның жүзеге асыру барысы туралы баяндама жасады.

- Бұл жоба аясында жеке және қосалқы шаруашылықтар 2,5%-бен 8,6 млн теңгеге дейін несие ала алады. Ауылшаруашылық кооперативтерін құру, оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 27,6 млн теңге несие беріледі. Бұл несиені беру арқылы халықтың табысын арттыру көзделген. Біз  Жамбыл облысына барып, әріптестерімізбен тәжірибе алмастық. Бүгінде 54 ауылға скрининг жүргіздік. Нәтижесінде 3 млрд 103 млн теңгеге 433 тұрғын несие алуға ниет білдіріп отыр. Одан бөлек, қосымша қаражат сұрату үшін аудан әкімдіктері тиісті жұмыстар атқарып жатыр. Биыл 1 млрд 504 млн теңге бөлініп, оған 188 несие беру жоспарда бар. Өтініш берушілердің құжаттары 3 мамырда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жолданып, қазір олар қаралып жатыр, - деді С.Өтеғұлов.

Алайда Серік Шәпкенов «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жұмыстары нашар жүріп жатқанын жеткізіп, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Салауат Өтеғұлов пен «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлер корпорациясының басшысы Данияр Тахановты тәртіптік жазаға тарту туралы шешімін айтты. Бұдан басқа, облыс әкімі бағдарламаны жүзеге асыруға кедергі болған мәселелерді анықтау үшін бір апта уақыт беріп, маусым айына дейін жобаны толық іске асыруды тапсырды.

Сіздер жасаған баяндамадан атқарылып жатқан істің жоқтығын көріп отырмын. Бір жарым ай бұрын бұл жобаны қолға алу тапсырылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты - кооперативтерді дамыту. Яғни адам өз үйінде малын бағып, тапқан өнімін еш кедергісіз сататын жағдайға жетуі тиіс. Сіздерді басқа өңірлерге тәжірибе алмасуға жібердік. Бірақ сіздер қорытынды шығара алмадыңыздар. «Ауыл аманаты»  жобасының бар екенін халық әлі күнге дейін білмейді, - деді С.Шәпкенов.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жолдаған суреттер

17 мамыр 2023, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.