Отбасы күніне орай Авангард ықшамауданы Н.Тілендиев көшесіндегі алаңға «Отбасы саябағы» атауы берілді. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ қатысты.
- Бұл мерекенің халықаралық статусы бар. Көктемнің шуақты кезінде аталып отыр. Қазақта «Отан - отбасынан басталады» деген сөз бар. Мемлекеттің дамуында, қоғамның қалыптасуында ұрпақ тәрбиесінің маңызы зор. Қаламызда соңғы уақытта отбасымен демалатын алаңдардың саны артып келеді. Осыған орай бірнеше саябақты ашу жоспарда бар. Бұл саябақ кешкі уақытта тұрғындардың жиі бас қосатын жеріне айналды. Халықтың көңілінен шыққан соң осы алаңды «Отбасы» саябағы деп атауға шешім қабылдадық, - деді Ж.Бисембиев.
Шара аясында бірқатар мерейлі отбасы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Кейін Ж.Бисембиев тұрғындармен бірге саябақта тал екті.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттерді түсірген автор және Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі