Бұған дейін монополист табиғи монополияларды реттеу департаментіне тарифтерді көтеру туралы өтінішпен жүгінген: сумен жабдықтаудың орташа босату бағасы текше метріне 337,91 теңгеге (өсім 2,7 есе), оның ішінде тұрғындарға – бір текше метр үшін 190,80 теңгеге (өсім 2,4 есе).
Кәріз жүйесі бойынша орташа тариф көтерілді – бір текше метрге 244,10 теңге (өсім 3,3 есе), оның ішінде тұрғындар үшін – бір текшеге 169,97 теңге (өсім 6,05 есе), басқа тұтынушылар үшін – 336,51 теңге (2,4 есе өсті).
Талдау жүргізгеннен кейін монополияға қарсы қызмет келесі тарифтерді бекітті: сумен жабдықтаудың орташа босату тарифі текше метріне 147,79 теңгені құрайды (өсім 23,81 теңге), оның ішінде тұрғындар үшін – 89,23 теңге/м3 (өсім 10,97 теңге), басқа тұтынушылар үшін – 295,51 теңге/м3 (өсім 36,32 теңге); сарқынды суларды бұру және тазарту бойынша орташа сату тарифі бір текше метрге 90,50 теңгені (өсім 17,32 теңге), оның ішінде тұрғындар үшін – 34,75 теңгені (өсім 6,65 теңге), басқа тұтынушылар үшін – 175,33 теңгені (33,56 теңгеге өсті) құрайды.
Сонымен қатар, бағаның көтерілуіне «Инвестицияға айырбас тарифі» қағидатына көшуге байланысты өндіріс қызметкерлері жалақысының өсуі және 2023-2028 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылуы негізгі себеп болды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ