Атырау, 28 қараша 02:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Экскурсия болмайды, бірақ Жайық суы ретімен тазартылып жатыр»

1 024 просмотра

Көктемгі тасқында арнасы суға толған Жайық өзенін лайдан тазартуға су тазарту қондырғыларының қуат күші жетіп жатыр ма? Былтыр күзде Атырау қаласы тұрғындарының кран суының жағымсыз иісіне қатысты шағымы бойынша брифингте сұхбат берген су тазарту қондырғысының басшысы Борис ПЕНКИН өңірде су тазарту қондырғыларының қуаты жетіспейтінін және олардың бар қуатымен жұмыс істеп тұрғанын айтып еді.

Пенкин сол кезде мұны тұтынушылар саны өсіп отырғанын және Жайықтың тайызданып бара жатқаны себеп екенін атап, суды тазарту үшін қосымша су тазарту қондырғыларымен бірге резервуарлар да қажет екенін баса айтқан. Бүгінде жағдай қалай?

«Атырау облысы Су Арнасы» KMK баспасөз қызметі «АЖ»-ның редакциялық сауалына қаладағы барлық су тазарту қондырғысы да қазір де толық жүктемемен жұмыс істеп жатқанын айтып, көктемгі су тасқыны кезінде Жайық өзенінің максималды лайлануы - 390 мг/л құрады деп жауап берді.

- Ауыз суды дайындау үшін қолданылатын реагенттер жеткілікті мөлшерде. Судың сапалық құрамын анықтау үшін зертхана сағат сайын су сынамаларын алады. Тазартылған су қaлaғa жеткізілгенге дейін сынамаларды талдаумен тұрақты зертханалық бақылаудан өтеді, - деп жауап жазылған «Атырау облысы Су Арнасы» KMK-ның басшысы Арман КЕНЖЕҒАЛИЕВ қол қойған хатта.

Біз өз сауалымызда су тазарту жұмыстарын өз көзімізбен көруге сұранғанбыз. Алайда, бізге «су тасқыны кезінде су тазарту қондырғыларының қарқынды жұмысына байланысты мамандарды экскурсия жүргізуге алаңдатуга мүмкіндігіміз жоқ. Су тасқыны шыңы аяқталғаннан кейін су тазарту қондырғыларының жұмысымен таныстыру экскурсиясын өткізу уақыты туралы косымша хабарлаймыз» деп жауап берді.

Бүгінде «Атырау облысы Су Арнасы» KMK үш су тазарту қондырғысын пайдаланады. Олар қаладағы В.Белинский көшесі, №1A мекен-жайда, Амангелді және Алмалы ауылдарында орналасқан.

Жауапқа сәйкес, Атырау қаласындагы су тазарту қондырғыларының өнімділігі тәулігіне 120 мың текше метр құрайды (№l, №2, №3, №4 әрбір су сүзу станциясының өнімділігі – тәуілігіне 30 мың текше метр). Амангелді ауылындағы су тазарту қондырғыларының өнімділігі 546 текше метр/тәулік құрайды. Алмалы ауылындағы - тәулігіне 600 текше метр құрайды.

«Барлық су тазарту құрылғылары жұмыс істеп тұр. Қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша «Павлодарэнергопроект» ЖШС жобалау мекемесі №5 су сүзу станциясын қайта жаңғырту бойынша жұмыс жобасын әзірледі. 2022 жылы қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша «БатысАлянсСтрой» ЖШС мердігерлік мекемесі №5 су сузу станциясын қайта жаңғырту жұмыстарын бастады. Қалалық құрылыс бөлімініц тапсырысы бойынша Алматы қаласындағы «Казводоканалпроект» АҚ жобалау мекемесі өнімділігі тәулігіне 60 мың текше болатын №6 су сүзу станциясыныц құрылысын жобалау бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Қалалық құрылыс бөлімінің тапсырмасы бойынша «Redline» ЖШС жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін орындап жатыр. Қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша Алматы қаласындағы «Казводоканалпроект» АҚ, жобалау мекемесі өнімділігі тәуілігіне 180 мың текше метр болатын бірінші су көтеру сорғы станциясының құрылысын жобалау бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша «Redline» ЖIlIC жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін орындап жатыр. Жобалау жұмыстарының аяқталу мерзімдері жане құрылыс жұмыстарының мерзімдері жөнінде тапсырысшы - қалалық құрылыс бөліміне бойынша хабарласуыңызды сұраймыз» - делінген ресми жауапта.

«Биыл Жайық өзенін тереңдетуге бюджеттен қаражат бөлінді. Жайық өзенін тереңдету жұмыстарының көмегін көріп жатырсыздар ма? Қандай да бір өзгеріс байқалды ма?» деген тағы бір сауал қойды «АЖ».

«В.Белинский көшесі, №1A мекенжайындағы қаланың су тазарту қондырғылары аумағында Жайық өзенінің түбін тереңдету бойынша жұмыстар жүргізілмеді»деген жауап алдық.

Айнұр САПАРОВА

14 мамыр 2023, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.