12 мамырда Бас прокурордың бұйрығымен Аслан ТҰРҒАНОВ Атырау облысы Исатай ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
А.Тұрғанов - Атырау облысының тумасы, прокуратура органдарында 2007 жылдан қызметте. Әр жылдары Жылыой, Исатай аудандары прокурорларының көмекшісі, Атырау қаласы прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі, Исатай ауданы прокурорының орынбасары, облыс прокурорының көмекшісі қызметін атқарған.
2019 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – облыс прокурорының ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша аға көмекшісі болды.
Айнұр САПАРОВА