Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Еліміздің әр өңіріндегі еңбеккерлер арасынан үздіктерді айқындауға бағытталған дәстүрлі конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.
- Конкурс үш номинация бойынша өтеді. Ең ұзақ еңбек өтілі, көп марапаттары бар әулет үшін «Үздік еңбек әулеті» номинациясы, кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар тәлімгер үшін «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы, жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері үшін «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бар, - деді А.Мәмбетов.
Оның айтуынша, өңіраралық іріктеуден өткендердің құжаты республикаға жіберіледі. Ал, республикалық кезеңнің жеңімпаздарына 1-орын үшін 1 миллион, 2-орын үшін 500 мың, 3-орын үшін 200 мың теңге сыйақы беріледі.
А.Мәмбетов атыраулықтарды конкурсқа қатысуға шақырды. Толық мәлімет алу үшін Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 31А мекенжайындағы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе 8(7122)322774 телефонына хабарласуға болатынын айтты.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған сурет