«Мейірімділік бөшкелері» акциясы бір аптадан бері жалғасып келеді және осы уақыт ішінде жүздеген атыраулық қалталарында қалған азын-аулақ ақшаны қайырымдылыққа аударды.
ЖИХҚК (Жоғары инновациялық халықаралық қатынастар колледжі) бірінші курсының 16 жасар студенті және волонтерлер тобының көшбасшысың Карина ЛЮБИКОВАНЫҢ айтуынша, бөшке күні бойы қаланың орталығымен өтеді. Сіз оған кез келген номиналда тиын-тебен тастай аласыз. Алдағы уақытта ақшаны анағұрлым ірі банкноттарға айырбастап, балалар үйі мен мұқтаж жандарға беру жоспарлануда.
Белгілі болғандай, бөшкенің жанында үнемі еріктілер болады, олар жол-жөнекей өтіп бара жатқан жандарға акцияның мән-жайын түсіндіруге дайын, бағына орай, акция Атырау қалалық әкімдігі тарапынан мақұлданған. Түнде жігіттер (олардың бәрі мектеп оқушылары немесе студенттер) бөшкені қауіпсіз жерге қояды.
Бөшке жанындағы кезекшілік ауысыммен, негізінен түстен бастап сағат 21:00-ге дейін болады. Ерікті жастардың пікірінше, бір бөшкеге 7-8 миллион теңгеге дейін сияды. Оны тартымды ету үшін жасөспірімдер бөшкені өздері безендірді.
- Бөшке толған кезде, біз оны Instagram аккаунтымызда тікелей эфирде арамен кесіп ашамыз, - дейді Карина. – Оны bochka.kz.official жобасының негізін қалаушы, атыраулық блогер Заур МАНСҰРОВ ашады.
Қызық болатын шығар, ал бензоараға абай болыңдар, балалар.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Volunteenss-тен аллынған суреттер мен бейнежазба