Атырау, 28 қараша 02:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жамбылдағы сарбаздың өлімі: сотталушы тарап апелляциялық шағым түсірді

952 просмотра

10 мамырда ҚР Әскери соты Маңғыстаудан әскерге шақырылған сарбаз Әлібек ҚАЛБАЙДЫҢ өліміне қатысты үкімге апелляциялық шағымды тіркеді. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне Атыраудан шақырылған сарбаз Айболат АМАНЖОЛОВТЫҢ адвокаты Жанар НҮСІПБЕКОВА хабарлады. Сәуір айында ҚР асының Әскери сотына адвокат пен Айболаттың өзі, сондай-ақ оның әкесі Азамат ЖҰМАҒАЗИЕВ апелляциялық шағым түсірген. Олар бірінші сатыдағы сотта Айболаттың кінәсі дәлелденген жоқ деп есептейді және үкімнің күшін жоюды талап етіп отыр.

Апелляциялық соттың қашан болатыны әзірге белгісіз. Айболатқа қызметтес сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабының 4-бөлігі («Адам өліміне әкеп соққан жарғылық қағидаларды бұзу») бойынша айып тағылды.  

Бірінші сатыдағы сот 10 сәуірде үкім шығарды. Алматы гарнизонының әскери соты Айболат Аманжоловты кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Бұдан басқа, жәбірленуші тарапқа 6 миллион теңге моральдық шығын мен 1,5 миллион теңге материалдық шығын өтелуі тиіс.

Әлібек Қалбай Жамбыл облысындағы әскери бөлімге келгеніне төрт күннен кейін қайтыс болды. Олар Отардағы әскери бөлімге Айболатпен бір күнде келген.

2022 жылдың 22 сәуірінде таңертең Қалбай Гвардейский әскери қалашығында сапқа тұрған кезде есінен танып құлаған. Әскери госпитальға жеткізілген ол есін жимай көз жұмды. Сот 2022 жылдың 23 тамызында басталды. Еске салсақ, 6 қазанда Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Қанат ЕСТАЙ істі процеске қатысушы екі тараптың өтініші бойынша қосымша тергеу үшін әскери прокуратураға қайтарған болатын.

Істі қайта тергеу өткен жылдың желтоқсан айында басталған. Айболаттың анасы Айнұр ТӨЛЕМІСОВА мен әкесі Азамат Жұмағазиевтің айтуынша, қосымша тергеу үшін сотқа жіберілген істің бұрынғысынан еш айырмашылығы болмаған: тағылған айып та сол, дәлелдемелік база да сол. Ал судья ауысқан – енді Зарина РАХМЕТОВА болды.

Осы сот процесінде айыптау бұрынғыдай Петропавлдан шақырылған жалғыз куә, қатардағы жауынгер Курочкиннің айғақтарына негізделді; ол Аманжолов пен Қалбайдың төбелескенін көріпті-мыс - ал қалған әріптестерінің барлығы әскери тергеушінің қысымына қарамастан төбелес болғанын растамады.

Азамат Жұмағазиев ұлының Алматыдағы тергеу изоляторында жатқанына бір жылдан асты дейді. Өзі екі ай сайын барып тұрады. Ол ұлының кінәсін мойындамайтынын және сот үкімімен үзілді-кесілді келіспейтінін айтады.

– Сол Н.Курочкин ұлыма қарсы куәлік беріп отыр. Курочкин менің балам Қалбайға 6-7 соққы бергенін айтады. Ал Қалбайдың денесінен 18 жарақат табылған. Сонымен қатар, сотта куәлік берген әріптес–сарбаздар мен офицерлер Әлібек пен Айболаттың төбелесін жоққа шығарып, қатарда бірге жүргендіктен, олардың оңаша қалуы мүмкін еместігін айтады. Әлібек қайтыс болған күні Айболаттың қастарында болғанын да айтады, — дейді Жұмағазиев ауыр күрсініп, содан соң: «Білесіз бе, сол Курочкинді қазір келісімшарт бойынша қалдырыпты. Егер оны босатса, бүкіл ақиқат жарыққа шығады ғой. Ол бәріне шындықты айтады. Ал оны қазір әдейі сол жерде ұстап, оны және нағыз кінәлілерді жасырып отыр. Міне, жағдай осындай", - деді.

Айболат – жеті баланың үлкені. Әкесі Азамат Жұмағазиев апелляциялық шағымында, егер шағымы қанағаттандырылмаса, халықаралық сотқа шағымданатынын айтқан.

Айнұр САПАРОВА

12 мамыр 2023, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.