Атырау, 24 қараша 00:14
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытайдың автокөлік брендтері өзінің ішкі нарығын жаулай бастады

1 294 просмотра

Қытайдың автомобиль саласындағы рөлі артып келеді. Биылғы қаңтар-ақпан айларында әлемдік автомобиль сатылымының жартысы Азия мен Тынық мұхиты аймағына тиесілі болса, соның ішінде бір ғана Қытайдың үлесі – 29%. Салыстырар болсақ, АҚШ-тың үлесі – 18%, Батыс Еуропаның барлық елдерінде тек 15%-ды құрады, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қытайда 3,6 миллион жаңа көлік сатылды. Алғашқы екі орын Аспан асты елінің BYD және Changan брендтеріне тиесілі: 328,1 мың және 283,8 мың көлік. Үшінші және төртінші орындарда немістің Volkswagen және жапондық Toyota тұр: 268,9 мың және 235,4 мың автомобиль. 

Үздік бестікті Geely қорытындылады:160,6 мың көлік. Көшбасшылар қатарында Chery (6-орын, 143 мың көлік) және Haval (13-орын, 78,4 мың көлік) да бар.

Елімізде қытайлық брендтер жиі кездестіруге болады. Олардың сатылымдағы үлесі артып келеді. Мәселен, осы жылдың бірінші тоқсанында 17,7%-ды құрады. 

Отандық нарықта жаңа сатылған көліктердің үздік ондығында Chery және Exceed (Chery еншілес бренді) брендтері бар. Бұдан басқа Қытайдың ішкі нарығындағы жетекші брендтердің ішінде елімізде Haval, JAC, Changan және Geely де танымалдыққа ие.

Жаңа жеңіл көліктердің ішінде Chery Tiggo 7 Pro биылғы наурыздағы сатылым бойынша 9-орында тұр. Қазақстанда Tiggo 8 Pro, Tiggo 8 Pro Max және Tiggo 4 Pro сияқты Chery модельдері де сатылады.

Changan UNI-K, CS55Plus, New CS35Plus және т.б. сияқты модельдермен ұсынылған. Ал, Haval M6, Jolidon, H6 және т.б. модельдері бар.

12 мамыр 2023, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.