Атырау, 28 қараша 02:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда жыл басынан бері 213 отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалды

921 просмотра

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, аз қамтылған отбасыларына коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында тұрғын үй көмегі беріледі. Атырау облысында коммуналдық қызмет төлемдері мен тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығын отбасының орташа айлық жиынтық табысының 5 пайызынан асатын азаматтарға жергілікті бюджеттен тағайындалады. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Көңілқос ОРЫСБАЕВ мәлім етті.

- Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін жергілікті өкілді органдар айқындайды. Оны тағайындау кезінде отбасыдағы өткен тоқсанның табысы мен өткен тоқсанға төленген шығындар қаралады, - деді К.Орысбаев.

Тұрғын үй көмегін алу үшін азаматтар «Электрондық үкімет» порталы  немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы  өтініш бере алады. Айта кетейік, өткен жылы облыс бойынша аталған көмек 256 отбасыға берілген.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

11 мамыр 2023, 19:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.