Атырау, 28 қараша 02:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау облысы тұрғындарының салыққа 580 млн теңге қарызы бар

916 просмотра

Атырау облысының 25 мыңға жуық тұрғынының мүлік пен көлік салығы бойынша жалпы сомасы 580,2 млн теңгеге, оның ішінде көлік бойынша 549,6 млн теңгеге қарыздары бар.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлер тізімі салық қарызын өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілмек. Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы.

Сондай-ақ, 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешек сомасы болса, ҚР-дан шығуға тыйым салынуы мүмкін.

Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешегінің 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.

Салықтар бойынша берешектің болуы, болмауы туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының Электрондық сервистер салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі ЖСН енгізу көмегімен тексеруге болады.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

11 мамыр 2023, 20:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.