Атырау, 2 сәуір 16:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 475.09
€ 551.06
₽ 5.87

Атырау полицейлері есірткі сатумен айналысқан күдіктіні ұстады

Бейнежазба
1 177 рет қаралды

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласындағы көшелердің бірінде есірткі сатумен айналысқан 30 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Күдіктіден полиэтилен пакетке оралған 4 орам синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ және тапанша тәркіленді. Тұрақты мекен-жайы бойынша тінту кезінде ұнтақ пен кептірілген есірткі тектес өсімдік тәркіленді. Тәркіленген айғақ заттарға сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ПД жолдаған бейнежазба

10 мамыр 2023, 22:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.