Нью-Йорк соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп жазушы және журналист Джин Кэрролды зорламақ болған деген шешім шығарды, деп хабарлады Sputnik CNN басылымына сілтеме жасап.
Алқабилер экс-мемлекет басшысы әйелді 1996 жылдың көктемінде жәбірлеген, бірақ оны зорламаған деген қорытындыға келді.
Сот Трампты азаматтық істі реттеу аясында шығынды өтеу үшін екі миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттеді.
Сонымен қатар ол талапкердің ар-намысына және беделіне нұқсан келтіргені үшін тағы үш миллион доллар төлеуге міндеттелді.
Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде үкімге түсініктеме беріп, оны масқара жағдай деп атады.
Кэрролл ісі бойынша сот тыңдаулары осы жылдың сәуір айының соңында Трамптың сайлау алды науқаны аясында басталды, ол 2024 жылы екінші президенттік мерзімге үміткер болуға ниетті екенін жариялаған болатын.
Экс-президент өзіне қарсы мұндай сот процестері саяси алаяқтық екенін бірнеше рет айтқан.
Кэррол 2019 жылы Трампты 1990 жылдары зорламақ болды деп айыптады. Саясаткердің өзі бұл айыптауларды жала деп атап, үзілді-кесілді жоққа шығарды.