8 мамыр күні сағат 13.00 шамасында "Атырау-Индер" тас жолының 103-шақырымында кісі өлімімен аяқталған көлік апаты орын алды.
"Тойота Камри" жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, көлік сайға түсіп кеткен. Салдарынан 67 жастағы әйел қаза болып, төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.
ЖКО байланысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Атырау облысы Полиция департаменті жолдаған сурет пен бейнежазба