Атырау, 3 тамыз 13:55
 дождьВ Атырау +29.2
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

​«Каспий» – «Атырау»: португалдық пен нигериялық гол соқты

1 491 рет қаралды

«Атырау» ФК футболдан ел чемпионатының 8-ші турындағы матчта «Каспиймен» ойнады. Ресми түрде бұл кездесуде «мұнайшылар» қонақ болды, бірақ Ақтаудағы стадион дайын болмағасын, кездесу Алматыда өтті.

Ойынның қызығы екінші таймда болды. 76-минутта номиналды алаң иелерінің жартылай қорғаушысы португалдық Рубен БРИЖИДУ дәл «тоғыздықта» қашықтан әдемі гол соқты, ал 8 минуттан кейін біздің клуб даниялық «ХБ Кёге» клубынан жыл соңына дейін жалға алған нигериялық Эффионг НСУНГУСИ есепті теңестірді. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.

11 ұпай жинаған «Атырау» турнирлік кестеде 7-ші орынға орналасты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 мамыр 2023, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.