Атырау, 1 қазан 12:20
 ашықВ Атырау +15
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Атырауда жастарға арналған «SUPER BOL» жобасының екінші маусымы басталды

Сурет
1 258 просмотра

«Мұнайшы» спорт кешенінде өткен «SUPER BOL» жобасының екінші маусымының іріктеу кезеңінің ашылуына облыс әкімі Серік ШӘПКНОВ қатысты.

- Өзімнің жерлестеріме айтарым, бұл додада жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, республикалық деңгейде ойнайтындарыңызға мен сенімдімін. Ертеңгі жұлдыздар - өздеріңіз, - деді С.Шәпкенов жергілікті спортшыларға.

«Super bol» – 16-25 жастағы азаматтарға арналған спорттық телевизиялық реалити-шоу. Мақсаты - жастар арасындағы талантты жастарды табу. Олардың кәсіби спортшылармен бірге жаттығу жасауына мүмкіндік ашу. Жоба аясында әр өңірден іріктелген 50 жас спортшы алматылық «Қайрат» футбол клубының базасында екі ай жаттығып, кәсіби футбол режимінде дайындалады. Спортшыларды кәсіби бапкерлер дайындайды. Олардың арасынан 25-і іріктеліп, финалдық ойынға қатысады.

Жаттықтырушылардың арасында Астана қаласы футбол федерациясының президенті Давид Лория бар. Ол үш дүркін ҚР чемпионы атанған танымал қазақстандық қақпашы, қазір ойынға шықпайды.  

- Біз бір ай ішінде әр өңірге барып, футболға қабілеті бар жастарды таңдаймыз. Қазір Атыраудан тіркелген қатысушыларды төрт топқа бөліп, жеті-жетіден 7-8 минуттан ойнатамыз. Таңдау үшін сегіз скаут белгіленген. Ойыншылардың техникасын, тактикасын, ойын барысында қалай шешім қабылдайтынын, олардың ойлау қабілетіне, өздерін көрсету деңгейіне, өзара қарым-қатынасына қарап таңдаймыз. Бізде талантты жас көп. Тек бізге оларды іздеп, табу керек, - деді Давид Лория. ⠀ 

Айта кетсек, «Super bol» іріктеу ойындарының екінші маусымына әр ауданнан келген 600-ге жуық қатысушы тіркелген.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет ӨКҚ

9 мамыр 2023, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.