Атырау, 28 қараша 02:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Модерн» ЖК тұрғындары: «Іс жүзінде слайдтағыдан мүлдем басқа» -2

Сурет
1 313 просмотра

5 мамырда көпқабатты «Модерн» тұрғын үй кешенінің бір топ тұрғыны қайтадан жиналып, құрылыс салушыға аула аумағын жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес абаттандыруға қатысты өз талаптарын айтты. Осындай талаптармен олар алғашқыда өткен жылдың соңында жиналған еді. Сол кезде құрылыс салушы көктемде тұрғын үй кешенінің кіреберістерін қоршауға, шлагбаум орнатуға және тағы басқаларға уәде берген еді. Бірақ тұрғындар уәде әлі орындалмағанын айтады. Енді олар сотқа жүгінбекші.

Тұрғындардың айтуынша, «Модерн» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату кезінде құрылыс салушы («Модернстрой-Атырау» ЖШС) үйлердің аумағын бөлек қоршауға, автотұрақ, жасыл аула, ойын құрал-жабдықтары, спорт және ойын алаңдарын және т.б. салуға уәде берген. Тапсырыс берушінің, яғни қалалық құрылыс бөлімінің жобалық-сметалық құжаттамасында осының бәрі бастапқыда көрсетілген. Ал қазір үлкен тұрғын үй кешенінің ауласында балалардың екі турникті шағын ойын алаңы ғана бар.

2022 жылдың 24 қарашасында МСҚБ бас маманы Айбек ХАСАНОВ «Модерн» тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша анықталған ескертулерді жою туралы ұйғарым шығарды. Ұйғарым тұрғындардың өтініші негізінде 2022 жылдың 11 қарашасында жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша шығарылған. Анықталған заңбұзушылықтардың тізімі аз емес және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қатысты болды. Атап айтқанда, шағын сәулет нысандарына, автотұрақтарға, жасыл алаңдарға қатысты.

- Біз 2021 жылы «Модерн» ЖК-нен пәтер сатып алдық. Қазір мұнда 200-ден астам отбасы тұрады. Балалар өте көп, ал аулаларында дұрыс ойын алаңы жоқ. Ешқандай қоршау мен жылдамдықты азайтатын кедергілер жоқ. Мұнда балаларды көлік қағып кеткен оқиғалар да болған. «Шағын сәулет нысандарына» әртүрлі спорт алаңы, балалар сырғанағы, орындықтар, беседкалар мен 680 дана көлеміндегі ағаштар жатады – ал мұның ешбірі жоқ, – дейді тұрғын үй кешенінің тұрғыны Бақтияр ЗАКИРОВ.

Бұл жерде тағы бір маңызды факт анықталды. 2021 жылғы 20 шілдеде қалалық құрылыс бөлімі (тапсырыс беруші) мен «Модернстрой-Атырау» ЖШС (құрылыс салушы), сонымен қатар «TSG Cunstruction» ЖШС (бас мердігер) және «Арх строй контракт» ЖШС (жобалаушы компания) арасында көпқабатты «Модерн» тұрғын үй кешенін салу туралы ниет хаттамасы жасалған.  

Құжат: «Әлеуметтік-мәдени және коммерциялық нысандары бар «Модерн» көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы. (Сыртқы инженерлік желілер)» деп аталады. Онда тұрғын үй құрылысы жұмыстарының алынып тасталған және енгізілген түрлері, сондай-ақ олардың құны көрсетілген. Ниет хаттамасына сәйкес, атап айтқанда, балалар ойын кешені, балалар спорт кешені, жасанды шөп жамылғысы, жазғы беседка, торы жоқ теннис үстелі, ағаштар мен бұталар, көгалдар және т.б. - жалпы құны шамамен 67 млн теңге алып тасталды. Оның орнына су құбыры мен кәріз тарту жұмыстары енгізілген. Бұл жұмыстардың құны - 69 миллион теңге.

Тұрғындар су және кәріз құбырларын тарту жұмыстары да бюджет ақшасына жүргізілуі керек, дейді наразы болып.

Тұрғындар өкілі, заңгер-кеңесші Руслан ӘДИЕТОВ тұрғындар атынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қалалық құрылыс бөліміне, «Модернстрой-Атырау» ЖШС, «TSG Cunstruction» ЖШС және «Арх Строй Контракт» ЖШС-не қатысты арыз түсірілгенін айтты.

Тұрғындар жиынына МСҚБ бас маманы Әсет СЕМБАЕВ та келді. Оның айтуынша, құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасалған.

Содан кейін түсініктеме алу үшін «Модернстрой-Атырау» ЖШС кеңсесіне хабарластық. Бірақ кіре берісте бізді өзін күзетшімін деп таныстырған ер адам қарсы шығып, компания басшысы орнында жоқ екенін айтты.

Бұған дейін «Модерстрой-Атырау» ЖШС бас директоры Идирис ГАДЖИБЕКОВ «АЖ» тілшісіне бұл тұрғын үй кешенінің жергілікті биліктің ұсынысымен «Нұрлы жер» бағдарламасына енгізілгенін айтқан болатын. Яғни, мемлекеттік бағдарлама бойынша халықтың әлеуметтік осал топтағы тұрғындарына төменгі қабаттағы пәтерлерді арзан бағамен берсе, әкімдік өз тарапынан ауланы абаттандыру, ойын алаңын салуды қолға алады екен.

Кейін қалалық құрылыс бөліміне хабарластық. Өндірістік-техникалық сектор меңгерушісі Абылай ҒҰМАРОВ «Модерн» ТК құрылысына жер мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінгенін, ал ЖШС бюджет қаражатына инфрақұрылым (сыртқы инженерлік желілер) салуды өз мойнына алғанын айтты. Оның айтуынша, ниет хаттамасына сәйкес жылумен қамту құбырлары тартылған.

– Бекітілген жобалық-сметалық құжаттама бойынша жылу трассасы аула ішінен тартылуы керек еді, бірақ мердігер оны үйдің сыртында жүргізген. Тұрғын үй кешенінің ауласында мұнаралы крандар тұрғандықтан, құрылыс-монтаждау жұмыстары ол кезде әлі аяқталмаған еді. Сәйкесінше, құбырдың ұзындығы көбейіп, жұмыс құны да өзгерді. Бекітілген сметаға басқа сома енгізілгендіктен, қосымша жұмыс көлеміне ниет хаттамасы жасалды. Мұнда кей жұмыстар, мысалы, көгал төсеу және т.б. алынып тасталды, олардың орнына жылу құбырын жүргізу жұмыстары қосылды, - деді А.Ғұмаров. – Ал көгал төсеп, бірақ үйде жылу жоқ болса, бұл дұрыс емес қой, сондықтан алдымен жылу желісін тарту керек болды.

Біз А.Ғұмаровтан «Модерн» тұрғын үй кешеніне сыртқы инженерлік желілерді жүргізуге бөлінген сметалық құжаттың құнын және бөлінген бюджеттік қаражат көлемін сұрадық. Ол соммалар туралы кейінірек толық ақпарат беруге уәде етті.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

6 мамыр 2023, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.