Атырау, 12 қазан 06:29
 дождьВ Атырау +11.8
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Екі аурухана жеткізушілерге миллиард теңгедей қарыз болып қалды

1 486 рет қаралды

Мониторинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Атырау облысы бойынша департаменті №2 облыстық аурухана мен Құрманғазы аудандық ауруханасы тарапынан 64 кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілген қызметтер мен тауарларды жеткізгені үшін жалпы сомасы 900 млн теңгеден астам ақшалай қаражатты төлемеу фактілері анықталды. Әңгіме азық-түлік және климаттық жабдықтар (кондиционер, тоңазытқыш және т.б.) туралы болып отыр. 

Департамент мән-жайларды анықтау мақсатында аталған медициналық мекемелерге тиісті хат жолдады. Бүгінгі таңда олар қарыздарын өтей бастады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 мамыр 2023, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.