6 мамыр күні сағат 3:06 шамасында «102» арнасына Алмагүл мөлтек ауданы бойындағы көпқабатты үйдің 16-қабатынан белгісіз ер азаматтың секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының взвод командирі Данабек Сақуов және инспектор Айдос Кубиев пен полиция лейтенанты Серік Жолдығалиұлы дереу жеткен. Оларды байқаған ер адам оған жақындамауын ескертіп, айқайлай бастаған. Жағдайды бағдарлай отырып, полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысты. Ыңғайлы сәтті күтіп, шапшаң қимылдап оның арқасынан ұстап, балконның ішіне тартып кіргізген. Полицейлер құтқарылған ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, сөзбен басу айтып, тыныштандырған.
Қазіргі таңда 23 жастағы ер азаматтың мұндай іс-әрекетке не үшін барғаны анықталуда. Психологтармен жұмыстар жүргізілуде.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ