5 мамыр күні сағат кешкі сегіз шамасында атыраулық полиция қызметкерлеріне өрт сөндәру бөлімінен Махамбет көшесінің бойындағы "Лагуна" тұрғын үй кешенінің шатыры өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келген полиция майоры Қуаныш Бозақаев пен полиция капитаны Ерлан Мырзагереев 9-қабаттағы пәтерге көтеріліп, тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтірген қара түтін будақтап жатқан өртті өшіруге кіріскен. Өйткені, шатырдан шыққан өрт жоғары қабаттағы пәтерлердің балконына өтіп, пәтерлер өртене бастаған. Қос полицей дер кезінде пәтердің өртін ауыздықтап, 25 тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды.
Көп қабатты үйдің шатырындағы тілсіз жауды өрт сөндірушілер 1 сағат ішінде толық ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.
Айнұр САПАРОВА
ТЖД жолдаған суреттер