Атырау, 22 қараша 08:56
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Мейрамхана мен көліктен бекіре тәркіленді

Сурет
1 665 просмотра

Атырау облысында биылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. 

Осыған орай Атырау облысы ПД Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қала аумағында орналасқан мейрамхананың тоңазытқышын тексергенде, жалпы салмағы 73 кг құрайтын бекіре тұқымдас балықтарды тәркіледі. Сонымен қатар, 1995 ж.т. қала тұрғынының автокөлігін тексергенде жалпы салмағы 121 келіні құрайтын бекіре тұқымдас балықтарды тәркіледі. 

Тергеу жүріп жатыр, тәркіленген балық «Жайық Бекіре өсіру» зауытына тапсырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет Атырау облысы ПД

9 мамыр 2023, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.