5 мамыр күні кешкі сағат сегіз шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 64 шақырым тұсында Toyota автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі көлік құралын игере алмай, көлік жол жиегіне аударылды. Оқиға салдарынан көлік жүргізушісі мен 1962 және 2009 ж.т. екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді.
Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Атырау облысы полиция департамент жолдаған сурет