Атырау, 28 қараша 03:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Вокзалға, театрға, ақылы емханаға арбамен кірді

Сурет
1 193 просмотра

Атырау облысы бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ облыстық мәслихат депутаты Гүлназ ҚОСМҰРЗИЕВА және қалалық мәслихат депутаты Ильяс ҚОНЫСБАЙМЕН бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділік бойынша бірқатар нысанды тексерді. Бұл саланың олқылықтары жетерлік екен.

Рейд Атырау теміржол вокзалынан басталды. Әлеуметтік желіде қала тұрғындары мұнайлы астананың негізгі нысандарының бірінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмағанын айтып шағымданады. Иә, ол солай. Вокзалда мүгедектерге арналған лифт, арбаға арналған көтергіш жоқ.

- Егер лифт орнату мүмкін болмаса, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ең болмағанда лифт орнату керек. Әрине, бұл шығынды талап етеді, бірақ вокзал – Атыраудың қақпасы және барша жан үшін жағдай болуы керек, – деді Азамат Мәмбетов.

- Көтергіш бюджетке енгізілген. Олар мақұлдаса, орнатамыз, - деп жауап берді вокзал бастығының орынбасары Майра ӘБІЛОВА.

Осыдан кейін топ автовокзалға бет алды. Гүлназ Қосмұрзиева (мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін жақсы біледі, оның өзі арбаға таңылған) пандус бойымен ғимаратқа кірді. Бірақ қолайсыз болып шықты.

- Пандустың стандартқа сай келмейтіні бірден көрініп тұр. Бірақ, жалпы, автовокзал басшылығы тырысып жатыр, мұнда көп нәрсе жақсы жаққа қарай өзгерген, – дейді Г.Қосмұрзиева.

Расында да, автовокзалда пандус, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кассадағы түйме, тіпті дәретханада арнайы кабина бар.

Одан кейін рейдке қатысушылар облыстық Махамбет атындағы драма театрында болды. Оларды театр директоры Сағынтай КӨПЖАСАРОВ қарсы алды. Қосмурзиева бірден лифтке кіріп көрді. Одан әрі мүгедектердің жетуі үшін пандус пен лифт бар. Бірақ залдың ішінде проблемалар бар екен.

- Алдымызда біздер үшін арнайы орын жоқ болғандықтан, біз үнемі не ортасында, не соңғы жағында отырамыз. Әр қойылымға бес мүгедекке дейін келеді. Бізге президент Қасым-Жомарт Тоқаев келгенде, ол сөз сөйлеген кезде біз алдыңғы қатарда отырдық, бірақ келесі күні бізді басқа жерге отырғызды. Алдыңғы жақта отыруымыз үшін министр келуі керек пе? – деді Г.Қосмұрзиева.

- Мен оларға алдыңғы қатардан орын бөлуді ұсынамын. Бір-екі "кәдімгі" орындарды алып тастағанда көп ақша жоғалтпайсыздар деп ойлаймын. Әлде олай емес пе? – деп сұрады Мәмбетов

- Алдыңғы қатарлар үнемі қымбаттау болады, ал орындар жаздың ортасына дейін сатылып кеткен. Сондықтан оны қазір алып тастай алмаймыз, бірақ алдағы уақытта бұл ұсынысты ескеретін боламыз, - деп жауап берді театр директоры.

Соңғы нүкте - Авангардтағы Western Clinic медициналық орталығы. Гүлназ медицина орталығынының ауласында арбасымен әрең қозғалды (брусчатка кедергі болды), ал пандус, лифт, көтергіш жоқ болғандықтан, ғимараттың ішіне мүлдем кіре алмады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің өкілі емханаға ірі көлемде айыппұл салынатынын айтты.

- Бүгінгі рейд кейбір адамдардың бізде мүгедектер арбасында жүретін жандар бар екенін және олар үшін барлық жағдай жасалу керек екенін әлі де түсінбейтінін көрсетті. Біз бұл адамдардың мәселелерімен айналысып жатырмыз және қазірдің өзінде белгілі бір нәтижесін көріп отырмыз, - деп түйіндеді сөзін А.Мәмбетов.

Фархат АБИЛОВ

Суреттерді түсірген автор

5 мамыр 2023, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.