Атырау, 28 қараша 03:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

5-үйдегі ұйқысыз түндер

Сурет
1 531 просмотра

Былтыр  желтоқсан айында Азаттық даңғылы бойындағы №5 үйдің бірінші қабатында Prosecco бар түнгі клубы ашылып, содан бері тұрғындарына кешкісін де, түнде де тыныштық жоқ. Олардың бір тобы наразылық білдіру үшін үйдің ауласына жиналды.

Клуб сағат 15:00-ден 03:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт бойы мұнда музыка ойнап, тұрғындардың тынығып, дұрыс ұйықтап алуына мүмкіндік жоқ. Олардың айтуынша, бұл үй өте ескі, 1-қабаттағы орынжайды ойын-сауық орнына айналдыруға рұқсаттың қалай алынғаны белгісіз.

- Біз Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хабарласып, келесідей жауап алдық: «2023 жылдың 6 ақпанында ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 5-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, «Иманалиева С.К.» ЖК-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тұрғын емес үй-жайды рұқсат құжаттарсыз кафеге айналдыруға байланысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 322-бабының 1-тармағына және 323-бабына сәйкес "Иманалиева С.К." әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді тұрғын Р.ШАФИЕВА. – Бірақ, клубтың қызметі тоқтатылмай, жұмысын жалғастыра берсе, мұның не пайдасы бар?

- Бірақ Әкімшілік кодекстің 437-бабында «сағат 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейін, оның ішінде тұрғын үйлердегі ойын-сауық объектілері тарапынан тыныштықты бұзу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады» делінген, - дейді. А.МҰХАМАДИЕВА. – Бұл жөнінде бірнеше рет полицияға жүгіндік, бірақ шара алынбай отыр.

Тұрғындар жиынға өз округінен сайланған депутат Ильяс ҚОНЫСБАЙДЫ шақырды. Ол тиісті депутаттық сауал жолдауға уәде берді.

...Бірінші қабатында ойын-сауық мекемелері орналасқан қаладағы басқа да бірқатар көпқабатты үйлерде жағдай осындай. Ал тұрғындар өз құқығын қорғау үшін өздері күресуге мәжбүр, өйткені көмек күтетін жер жоқ сияқты.

Қыр ҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген автор

5 мамыр 2023, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.