Атырау, 24 қараша 00:13
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Филиппин АҚШ базалары Қытайға шабуыл жасау үшін пайдаланылмайды деп уәде берді

884 просмотра

Филиппин президенті кіші Фердинанд Маркос Қытайды америкалық әскерилердің пайдалануына берілген базалар ешкімге шабуыл жасау үшін пайдаланылмайды деп сендіргенін айтты, деп жазады Іnbusiness.kz

"Филиппин АҚШ-қа төрт жаңа база берді. Мен Қытайдың Сыртқы істер министрін (Цинь Гана) олардан ешкімге шабуыл жасалмайтынына сендірдім", — деді ол Вашингтондағы стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (CSIS) сөйлеген сөзінде.

Ақпан айында Филиппин кеңейтілген қорғаныс ынтымақтастығы туралы келісім аясында америкалық әскери күштерге бұрын берілген бес нысаннан басқа қосымша өз аумағындағы төрт жаңа нысанды ұсынды. 

"АҚШ бұл нысандарды шабуыл жасау үшін пайдалану жолдарын ешқашан қарастырған емес. Олардың мақсаты басқа", — деді Филиппин көшбасшысы.

Ақ үйде президент Джо Байден қабылдауында болған кіші Маркос АҚШ-қа сапарын осымен аяқтайды.

5 мамыр 2023, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.