Атырау, 28 қараша 03:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Ақ Жайық» қонақүйінің маңындағы құрылыс заңсыз деп танылды

Сурет
1 392 просмотра

Сәуір айының басында орталық көпір маңындағы аумақ қоршалды. Профлисттен жасалған биік дуалдың ар жағында ағаштарды кесу, тамырымен жұлып алу жұмыстары басталды. Ғимарат салу жоспарланғаны анық, дегенмен, құрылыс туралы ақпараттың өзі құпия болып көрінді - тіпті нысан жұмысшыларының өзі мұның не үшін және кім үшін жасалып жатқанын білмеді.

Үш аптадан кейін «АЖ» сауалына Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен бұл жер телімінің иесі қала емес, «Serpin-2030» ЖШС деген жауап алдық. Бұл компания 2021 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы облыс орталығында мектепке дейінгі тоғыз мекемені жөндеуден өткізген. Сол кезде үлкен кідіріспен жүріп жатқан бұл жұмыстар жөнінде әкімдікте де бөлек жиын өтті. Белгілі болғандай, сметалық құжатта келісім-шартта көрсетілген мерзімдердің орындалмауынан бөлек, оқу мекемесі үшін апаттық шығу, кәріз желісі, мектеп ауласын жарықтандыру сияқты маңызды тармақтар енгізілмеген; Сондай-ақ компания әжетханаларға коммуникация жүргізіп, ғимараттардың қасбетін жасауға үлгермеді.

Бір-екі жылдан кейін «Serpin-2030» ЖШС қаланың қақ ортасынан жаңа құрылыс жоспарлады, бірақ тағы үйлеспеді. Құрылыс алаңы 2022 жылдың тамыз айында Атырау қаласы әкімінің қаулысы негізінде берілген. Бұл учаске әкімшілік-коммерциялық ғимарат салуға арналған. Бұл аумақты құрылыс үшін бөлу Атырау қаласы әкімдігінің жер комиссиясында қаралып, бір ғажабы, олар рұқсат берді. Жұмыс биыл сәуірдің басында басталды, бірақ бір ай өтпей жатып құрылыс тоқтатылды - қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімін 31 наурызға белгіленген күнмен тыйым салды. Себебі, бұл жер Абай көшесінің «қызыл сызығына» жатады, оның үстіне, ол рекреациялық аймақ болып саналады, яғни құрылыс салуға болмайды, өйткені бұл аумақ адамдар демалуға арналған. Бұл шешімді қабылдауға әлеуметтік желілердегі наразылықтардың маңызды рөл атқарғанын жоққа шығармаймын.

Атырау қаласы әкімдігінің жер комиссиясының неліктен сәулет және қала құрылысы бөлімімен жақсы байланыста болмағаны, әрине, таң қалдырады, бірақ іс жасалып қойған – енді ол жерде ағаш өспейді, ал мына бос жерді демалыс орны деп атау қиын. Қала орталығындағы бұл жердің одан әрі тағдыры белгісіз, бірақ басшының м.а. Тимур НҰРБАЕВ біздің сауалымызға берген жауабында: «Бұл аумақта құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатқан жоқ» деп сендірді.

Ағаштарды заңсыз кескені үшін компания жауапкершілікке тартыла ма және келтірілген шығынды өтей ме, жоқ па, ол жағы айтылған жоқ. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттерді түсірген автор

4 мамыр 2023, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.